2021 жылдың 18 қарашасында Қазақстанның Х Азаматтық форумы аясында Ербол Қарашөкеев үкіметтік емес сектор өкілдерімен кездесті. Іс-шараға қатысушылар министрлік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын қарады, сондай-ақ ветеринария жүйесін реформалау барысына талдау жасады.
Ведомство басшысы өз сөзінде ұсынылған алаң үшін Қазақстанның Азаматтық альянсына алғыс айтып, жыл сайын форум аясында көптеген маңызды және пайдалы тақырыптар талқыланатынын атап өтті.
«Жалпы алғанда, министрлік пен үкіметтік емес сектордың ынтымақтастығы, мазмұнды әріптестігі бүгінде айтарлықтай серпінді дамуда, азаматтық қоғамның барлық қатысушыларымен ведомство қызметінің барлық аспектілері бойынша диалог жолға қойылған», – деді Ербол Қарашөкеев.
Министр агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті міндеттерін шешуге елеулі үлес қосып отырған АӨК дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің қызметі туралы айтып берді. Ведомство басшысының айтуынша, Кеңес 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу процесіне үлкен үлес қосты.
«Қоғамдық кеңестің жұмысы әзірленіп жатқан құжаттарда саланың ең маңызды мәселелері бойынша қоғамдық пікірді ескеруге және өткізілетін мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өткім келеді», – деп атап өтті ведомство басшысы.
Министрлік алдағы уақытта да азаматтық қоғаммен сындарлы байланыс бағытын жүргізетін болады және тең құқықты әрі жемісті диалог жүргізу үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсап, жағдай жасайтын болады.
АӨК тұрақтылығын арттыруға бағытталған жүйелі сипаттағы міндеттердің бірі ветеринария жүйесін реформалау болып табылады, деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев айтып берді.
Ол дамыған елдердің тәжірибесін, отандық мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін және жеке қосалқы шаруашылықтарда мал ұстаудың ерекшелігін ескере отырып әзірленген ветеринария жүйесін реформалау және жетілдіру жөніндегі Министрліктің негізгі тәсілдерін баяндады.
«Мобильдік қосымшасы бар арнайы бағдарламалық өнім әзірленетін болады, оны пайдалана отырып, ауылдық округтің ветеринариялық дәрігері жануарлармен туғаннан бастап сойылғанға немесе өлгенге дейін жүргізілетін барлық іс – шараларды тіркеп, оларды электрондық ветеринариялық паспорттарға автоматты түрде енгізе отырып, цифрлық форматта орталық дерекқорға бере алады» – деді Бауыржан Абызбаев.
Жоспарланып отырған шаралардың тағы бірі жануарға оның өмірлік циклінің бүкіл кезеңіне ЖСН сияқты бір ғана сәйкестендіру нөмірін беру болады, бұл ИӨС дерекқорындағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ жоғалған биркаларды ауыстыру салдарынан жануарлар туралы деректердің бұрмалануына жол бермеу үшін жағдай жасайды.
Жалпы, ветеринария жүйесін реформалау бизнес, азаматтық қоғам өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен тәсілдер мен шараларды кеңінен талқылаумен өтуде.
Форумға қатысушылар қарастырған тағы бір маңызды тақырып Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы болды.
Аталған мәселе бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рахымбеков баяндады.
Оның айтуынша, елімізде 1,6 млн-нан астам жеке қосалқы шаруашылық бар, азық-түлік тауарларын өндірудің айтарлықтай үлесі соларға тиесілі.
«Заң жобасында жеке қосалқы шаруашылықтарға нақты анықтама берілді, Үкіметтің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, әкімдердің, мәслихаттардың, сондай-ақ даму мәселелеріндегі тұрғындар жиынының құзыреттері шектелді, кооперация арқылы кредит беру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу көзделген» – деп атап өтті министрдің кеңесшісі.
Заң жобасындағы жаңалықтардың бірі ретінде кооперативтердің өз мүшелеріне көрсететін қызметтерінің құнын субсидиялау ұсынылады.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елді мекендер ішінде санитарлық гигиенаны және мал жаюға арналған жайылымдардың экологиясын сақтау бойынша талаптар көзделген.
Бұл талаптың мәні азаматтардың жеке меншігіндегі мал санын шектеу емес, елді мекендер ішіндегі малды ұстаудың санитарлық гигиенаға әсерін азайту және елді мекендер айналасындағы жайылымдарды сақтау болып табылады.
Тұтастай алғанда, осы бұл заңның қабылдануы жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді кеңейтуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, ауыл тұрғындарының табысын едәуір арттыруға және ауылдағы кооперацияны дамыту негізінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Заң жобасын Мәжіліске осы жылдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр.
Форумға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, министр оларға толық жауап берді. Әңгіме барысында ешкім өткір бұрыштарды айналып өтпеді, аграрийлер мен азаматтық қоғамды толғандыратын проблемалар туралы ашық айтылып, шешу жолдары ұсынылды, сондай-ақ Ербол Қарашөкеев мұқият талдауды тапсырды.
Жалпы, іс-шара ашық диалог рухында өтті, қатысушылар мұндай кездесулерді өткізу қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететініне, билік пен халық арасындағы сындарлы байланысты нығайтатынына сенім білдірді.