Politics
Қазақстандық авиатасымалдаушы 16 жаңа бағытты іске қосуды жоспарлап отыр

Air Astana әуекомпаниясы әуе кемелерінің паркін ұлғайтуда. Бұл туралы Үкіметтің отырысында «Эйр Астана» компаниялар тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел мәлімдеді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Ол Air Astana 2025 жылы халықаралық ұзақ қашықтықтағы бағыттарда өткізу қабілетін 14%-ға арттырғанын, осылайша жолаушылар саны 8%-ға өскенін баяндады.
«2025 жылы біз автопаркімізді 57-ден 62-ге, ал 2026 жылы 67-ге дейін арттырдық. Біз амбициялы өсу жоспарларымызды қолдау үшін 50-ге дейін Airbus және 15 Boeing ұшағына тапсырыс бердік», — деді Ибрахим Жанлыел.
Спикер 2025 жылы компания 25 жаңа маршрутты іске қосқанын және биыл тағы 16 жаңа маршрутты ашу жоспарланып отырғанын айтты.


