SocialБасты

Елорданың тұрғын үй орталығына МИБ құру жөнінде күніне 70-тен астам өтініш түседі

Бірыңғай тұрғын үй орталығының мамандары тұрақты негізде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп ұстау саласындағы білімдерін бөлісу бойынша жұмыс жүргізеді. МИБ құру және ПИК қызметтерінен бас тарту мәселелері бойынша елордалықтардан күніне 70-ке жуық өтініш түседі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Орталықтың басты міндеттерінің бірі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң мәселелері бойынша қолжетімді ақпарат дайындау болып саналады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңда көзделмеген нысандарға шағымдар саны өсуде, сондықтан орталық мамандары үшін мүлік иелерінің қызмет көрсету сапасы мен ақшалай қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру үшін барлық қажетті ақпаратты уақытылы жіберу маңызды – деп атап өтті Қалалық МИБ орталығының басшысы Гүлвира Әбетова.

Елордада 1500-ден астам көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа нысандарына көшті. МИБ төрағаларының тиімді жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ тұрғын үйлерді басқарушылардың біліктілігі мен білімін растау үшін семинарлар, тренингтер өткізіледі, бейне материалдар дайындалады, тәуелсіз сертификаттау орталығында тестілеу өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай орталыққа Республика даңғылы 32 мекенжайы бойынша немесе WhatsApp қосымшасы арқылы +7 777 333 34 33 нөмеріне хабарласуға болады

Басқа жаңалықтар

Back to top button