Қазан айының үшінші онкүндігінен бастап «SCAT» әуе компаниясы Алматы – Джидда және Алматы – Медина бағыттары бойынша аптасына бір рейспен ұшуды бастайды.
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) 2021 жылғы 7 қыркүйектегі отырысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады.
Сауд Арабиясына рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Сауд Арабиясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.