Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 1,9 трлн сомасында кіріс түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты.
«Осы жылдың 4 айында мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда 3 трлн 217 млрд теңге көлемінде кіріс кірді, яғни жоспар 117%-ға атқарылды. Республикалық бюджетке 1,9 трлн сомасында кіріс түсті, яғни жоспар 106,7%-ға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 120 млрд теңгеге, оның ішінде салық 88 млрд теңгеге асыра орындалды», – дейді Ерлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, жоспардың асыра орындалуы үшінші елдермен импорт көлемінің ұлғаюына байланысты болған.
«Импортқа салынған қосымша құн салығы бойынша жоспардың асыра орындалуы біріншіден, өткен жылғы І тоқсанмен салыстырғанда үшінші елдермен импорт көлемінің 9,4% ұлғаюына байланысты болды. Бұл ретте ҚХА-дан импорт ағымдағы жылы І тоқсанда 47,4%-ға немесе 525 млн долларға, оның ішінде тек наурыз айында 2,2 есеге немесе 348 млн долларға артты. Еуразиялық эономикалық одақ елдерінен импортталған автокөлік құралдарының санының 24,3% ұлғаюына байланысты. Шикі мұнайға экспорттар кеден бажының мөлшерлемесінің ұлғаюына байланысты болды. Корпаритивтік табыс салығының асыра орындалуының негізгі себебі – пандемияның экономикаға кері әсер етуіне байланысты өткен жылдың салық бағасының төмен болуы», – дейді ол.