Жыл басынан бері Ақтау және Жаңаөзен ҚПБ жедел басқару орталықтарына тұрғындардан түрлі сипаттағы 161-ден астам қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Қазіргі уақытта жедел басқару орталықтарына аулаларда, қиылыстарда және азаматтардың жаппай болатын орындарында орнатылған барлық бейнебақылау камералары қосылған. Бүгінгі таңда жедел басқару орталықтарында 70-тен астам полиция қызметкері жұмыс істейді, ЖБО операторларының міндетіне бейнебақылау камераларынан түсетін деректерді өңдеу кіреді. Олар сондай-ақ “102” байланыс арналары арқылы азаматтардан хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады және оларды жедел әрекет ету үшін КҚБТ аға инспекторына (күштер мен құралдарды басқару тобы) береді.
«Инспектор өз кезегінде оқиға орнына оған жақын орналасқан полиция нарядын жібереді. Соңғыларының орналасқан жері қаланың электрондық картасында көрсетіледі», – деп атап өтті облыстың бас полицейі.
Жедел басқару орталығының жұмысы қызметтер мен бөлімшелерді басқару мен үйлестірудің тиімділігін арттыруға, көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізуге, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтауға және алдын алуға көмектеседі. Жедел басқару орталығының операторлары қаладағы жағдайды нақты уақыт режимінде қадағалап отырады.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 335 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 127-і Ақтау қаласы бойынша және 208-і Жаңаөзен қаласы бойынша. Камералар облыс орталығының арнайы мекемелерінде тәртіпті сақтауға көмектеседі.
Техникалық құралдарсыз полицияның жұмысы мүмкін емес. Бейнебақылау камерасының көмегімен 120 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды,” ізін суытпай ” 121 қылмыс ашылды, мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлау – 30, ұсақ ұрлық-бір, бұзақылық – 15, тонау – төрт, автокөлікті ұрлау – төрт, есірткі құралдарын заңсыз сақтау – 26, мас күйінде көлік құралын басқару (қайта) – 11 және басқалар. «Барлық анықталған қылмыстар бойынша процессуалдық шешімдер қабылданды», – деді Бақтыбаев Жанарбек.