SocialБасты

Қазақстан мен Ресейдің еріктілер ұйымдары жетекшілерінің еріктілер кеңесінің III отырысы өтті

10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Ресейдің еріктілер ұйымдары жетекшілерінің еріктілер кеңесінің III отырысы онлайн форматта өткізілді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz 

Өткен жылы Қазақстан-Ресей жастарының форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың бастамасы бойынша Қостанай қаласында бұл пікірталас алаңы құрылды.

Бұл іс-шараның мақсаты – ақпараттық-әдістемелік және сараптамалық ынтымақтастық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған жастар мен еріктілер қозғалысын дамытудағы ынтымақтастықты ынталандыратын коммуникативті пікірсайыс алаңын құру.

Отырысқа Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.Байманов, Азаматтық қоғам комитетінің төрағасы М.Қожахмет және Жастар ісі жөніндегі федералды агенттігінің басшысы А.Бугаев, сондай-ақ екі елдің еріктілер ұйымдарының басшылары қатысты.

Отырысқа қатысушылар мен белсенді жастар ынтымақтастыққа, бірлескен жобаларға қатысуға, ақпарат пен құнды тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Күн тәртібінде спикерлер 2021 жылға арналған жастар саясаты мен волонтерлікті іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарларын талқылады. Кеңестің жаңа құрамымен келісіп, пайдалы әлеуметтік және қоғамдық міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлерге, волонтерлік топтарға және ұйымдарға қолдау көрсету мақсатында берілетін «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын талқылады.

Аталған іс-шараның алдында екі отырыс өткен болатын. Бірінші онлайн отырыс 28 тамызда, екінші отырысты Ресей тарапы 28 қазанда онлайн режимде ұйымдастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button