EducationБасты

«Ашық жүрек» жобасы аясында волонтерлер грант ала алады

«Ашық жүрек» жобасы аясында liga.org.kz деген жаңа платформа ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте айтылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мен волонтер емеспін, бірақ ауладағы жастарға футболдан жаттықтырушы бола алам» деген сияқты ұсынысы, бастамасы бар адамдар үшін еліміздің 17 аймағына 300 мың теңгеден 56 грант бөлінген. Ал «Мен волонтермін, волонтерлік ұйымның мүшесімін және осы салада ғана жұмыс істеймін» деген қатысушыларға 42 грант бөлінген. «Ашық жүрек» жобасы бойынша liga.org.kz деген жаңа платформа ашылады. Ол жерде мен айтып өткен гранттар бойынша өтініш қалдыруға болады. Мен жастарды осы жобаға қатысуға шақырамын», – дейді Қазақстан волонтерлер лигасы үйлестіру кеңесінің мүшесі Әзиз Кажденбек.

Ол Қазақстан волонтерлері лигасы 2013 жылы ашылған кезде 5 адам ғана мүше болғанын айтты.

«Біз күндердің бір күні республикалық деңгейдегі ұйым боламыз деп ойлаған жоқпыз. Бастапқыда лиганың 5 мүшесі болса, қазіргі уақытта қатарымыз 7 мыңнан асып кетті. Осы жылдың соңына дейін біздің ұйымның құрамындағы волонтерлер саны 20 мыңнан асады деп жоспарлап отырмыз», – дейді Азиз Кажденбек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button