Басты
2023 жылы ҚҰБ төлем жүйелері арқылы 980,3 трлн теңгеге төлем жүргізілді
2023 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 980,3 трлн теңгеге төлем жүргізілді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
«Ұлттық төлем жүйелері: Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ) арқылы бір күнде орта есеппен операция жүргізілетін күндері 4,0 трлн теңгеге төлем жасалады. Айта кетейік, ең көп операция сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін өңделеді.
2023 жылы Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 99,95%-ды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асып түсіп, ұлттық төлем жүйелерінің жоғары тиімділігін көрсетеді» – делінген хабарламада.