SocialБасты

Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Егер Сіз волонтер немесе волонтерлік ұйым өкілі болсаңыз, онда Сіз Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған «Жыл волонтеры» халықаралық конкурсына қатыса аласыз, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін министрліктен хабарлағандай, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.

Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды қолдауға бағытталған.

2020 жылғы 26 қазанда өтінімдерді қабылдау басталды.

Егер аталмыш конкурс Сізді қызықтырса және конкурсқа қатысуды жоспарлайтын болсаңыз, келесі сілтеме арқылы өтініш жіберіп, qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет туралы мәліметтерді толтыруыңыз керек: award.qazvolunteer.kz

Өтінімдер 2020 жылғы 15 қараша сағат 09: 00-ге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button