SocialБасты

Қостанай облысы компьютерлік техниканың кезекті партиясын қабылдауда

Ағымдағы жылдың тамыз айында Үкіметтік резервтен 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника бірлігін (комплектідіегі компьютерлер – 1584, ноутбук – 11586, планшет – 2052) сатып алуға қаражат бөлінді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Қыркүйек айында комплектідегі 1584 компьютер тауарының бірінші партиясы алынды және облыс өңірлеріне берілді. Қазан айының басында 895 ноутбуктің екінші партиясы келді. Бүгінгі күні Қостанай облысы әкімдігінің «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығының» мамандарымен тағы 870 ноутбук қабылданып, олардың техникалық ерекшелігінің сәйкестігіне тексеру жүргізілуде. 11 873 дана көлемінде ноутбуктер мен планшеттердің қалған партиясын жеткізу күтіліп отыр.

Компьютерлік техника қалалық және аудандық білім бөлімдерімен қалыптастырылған тізім бойынша техникалық құралдарға мұқтаж оқушыларға берілетін болады, басымдылық халықтың әлеуметтік-осал топтарының балаларында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button