Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көрші мемлекетке 10 мың тонна ұн жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.