
Еліміздің ішкі нарығы өзімізде өндірілетін сиыр етімен қамтамасыз етілген, бағаның күрт өсуіне негіз жоқ, деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова.
«Республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы келісіне 3,8 мың теңгені құрайды. Астанада ол 3,8 мың теңгеден жоғары. Бізде бағаның күрт өсуіне негіз жоқ. Ішкі нарық өз өндірісі есебінен толық қамтамасыз етілген. Апта сайын Ұлттық статистика бюросы, күн сайын Ауыл шаруашылығы министрлігі мониторинг жүргізеді», — деді Назгүл Хатепова.
Оның мәліметінше, өткен жылы елімізде 434 мың тонна сиыр еті өндірілген, осы жылы өндіріс көлемі өсуде. Жекелеген өңірлердегі бағалардың мерзімді ауытқулары тіркеледі, алайда қымбаттауға тұрақты үрдіс жоқ.


