PoliticsБасты

Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.

2019 жылы — Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button