Басты

Алматыда автотұрақ үшін SMS төлем тоқтатылды

Алматыда автотұраққа мобильді теңгерімен жасалатын төлем уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Достар, біз соңғы жылы ұялы байланыс операторлары тарапынан SMS төлемдерін өңдеу кезінде техникалық қателіктер көбейгенін байқадық. Сонымен қатар, SMS төлемдері кешіктіріліп өңделеді және бұл төлемнің серверде дұрыс рәсімделмеуіне және айыппұлға әкелуі мүмкін «, – деп хабарлады Almaty Parking компаниясы.

Almaty Parking компаниясы техникалық мәселелерді шешу үшін және төлем жүйесін оңтайландыру мақсатында SMS төлемді уақытша тоқтатты.

Автокөлік иелері тұрақ ақысын паркоматпен немесе «Паркинг Алматы» мобильді қосымшасы арқылы төлей алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button