FinanceБасты

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі өсті

Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артып, айына 1,6 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды finprom.kz.

Қазақстанда төлем карточкаларын қолдану арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге арналған инфрақұрылым жақсы дамыған. Банктік қызметтерді цифрландырудың өсуімен халықтың онлайн төлемдеріне қызығушылығы да едәуір өскен. Қолма-қол ақшасыз төлемдер қарқынды өсуде. Биыл қаңтар айында ол 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2,7 есе көп.

Айта кету керек, осы жылдың қаңтар айында қолма-қол жасалмайтын төлемдер сомасы 2016 жылдың 12 айының мөлшерінен асып түсті.

Жалпы, 2019 жылы елдегі қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,4 есе өсіп, 13,3 трлн теңгені құрады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 5,5 трлн теңге болған. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2019 жылы 96,4 мың кәсіпкер 134,5 мың сауда нүктелеріне 161,7 мың POS-терминал орнатқан. 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда кәсіпкерлер саны 17%, сауда орындарының саны 22%, POS-терминалдар саны бірден 27% өскені байқалады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында қолма-қол жасалмайтын төлемдердің ең көп мөлшері интернет және ұялы телефон арқылы жүзеге асырылған: ол 1,2 трлн теңге немесе жалпы көлемнің 74,3%-ы. Бұл ретте жыл ішінде жасалған төлемдер 3,3 еседен астам өсті. Интернет және ұялы телефон арқылы жасалған бір операцияның орташа сомасы 15,7 мың теңгені құрайды.

POS-терминалдар арқылы жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,2% өсіп, 392.3 млрд теңгені құрады. Банкоматтар арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы жылына 3,8% -ға төмендеп, 14.9 трлн теңгені құрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button