SocialБасты

Нұр-Сұлтандағы мерекелік отшашу онлайн көрсетіледі

Нұр-Сұлтандағы мерекелік отшашу бүгін сағат 23:00-де онлайн көрсетіледі, – деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Тікелей эфир сағат 23:00-де Хабар24 телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады», – делінген хабарламада.

Отшашуға бюджеттен ақша бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

«Тұрғындар санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиіс», – деген ескерту жасалды.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар астананың 22 жылдығын атап өтуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button