Басты
Алматыдан 237 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 тамыз 19 сағат 06 минут 33 секундта Алматы қаласы маңында жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 237 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 8.7. MPV магнитудасы 4.2. Тереңдігі 25 км», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.