«Авиация бөлімінің штурманы, 1984 жылы 19 қазанда туған майор Ғабит Есімдеұлы Барлықбаев:
Авиация бөлімінің ұшу тобының борт технигі, 1985 жылы 15 желтоқсанда туған капитан Досжан Ғалымбекұлы Баймұратов;
Авиация бөлімінің ұшу тобы экипажының штурманы, 1994 жылы 24 қарашада туған аға лейтенант Мұхтар Қажымұқанұлы Сағымбаевтың;
Авиация бөлімінің ұшу тобының аға борт механигі, 1985 жылы 10 қарашада туған сержант Васильков Евгений Борисовичтің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, АН-26 әскери-көлік ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар болған.
«Олар өмірінің соңына дейін әскери антқа адал болды. Сарбаздардың жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады. Біз ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз», делінген хабарламада.