SocialБасты

Алматыда соғыс және еңбек ардагерлеріне 50 мыңнан 1 млн теңгеге дейін көмек көрсетіледі

Алматыда жергілікті бюджет есебінен соғыс және еңбек ардаргерлеріне 50 мыңнан 1 млн теңгеге дейін көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің таратқан ақпаратына сәйкес, сәуірдің соңына дейін соғыс мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілгендер мен еңбек майданына қатысушыларға бір реттік төлем беру жоспарланып отыр. Алматыда мұндай азаматтардың саны 18 мыңнан асады.

Осылайша, 206 Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы және мүгедектер – 1 млн теңгеден, 4 мыңнан аса адам – 100 мың теңгеден, 14 мыңға жуық адам 50 мың теңгеден 1 реттік көмек алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button