FinanceБасты

Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік қызмет мақсатында жеке тұлғалардың банктік шоттарын әкімшілендіруге қатысты хабарламаны ресми түрде жоққа шығарады. WhatsApp мессенджерінде таратылатын ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің бақылау- касса машиналары арқылы өз кірістерін көрсету міндеттемесін және жеке тұлғаларға тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алу кезінде түбіртек алу қажеттілігін еске салады. Осылайша, сіз өзіңіздің азаматтық позицияңызды білдіресіз, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытасыз және өз құқықтарыңызды қорғай аласыз», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде кәсіпкерлерге төлемдер мен аударымдарды фискалдау мәселесімен айналысып жатқандығы хабарланған болатын. Алайда, бұл жаңашылдықтар жеке тұлғалардың жеке мақсаттарға пайдаланатын аударымдарына әсер етпейді. Демек, мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын  әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button