Басты

Оқытудың дәстүрлі форматына қайтару қалай іске асырылады

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптар  туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Орта білім саласына тоқталсақ, қашықтан оқыту аясында отандық нарыққа сегізден астам білім беру платформасы шығуда. Біріқ платформалардың функционалы мен мүмкіндіктері әртүрлі. Министрлік оқыту процесін толыққанды іске асыру үшін қажетті функционалды алуға мүмкіндік беретін білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеп, біріздендіріп, іске асыратын болады», – деді министр.

Сонымен қатар ол оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтару қадамына тоқталды.

«Білім беру ұйымдарын оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтарудың тиісті тәртібі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге әзірленеді», – деді А. Аймағамбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдау кезінде Президент толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды.

Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді жүктеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button