SocialБасты

Украинадағы жүк көлігін жүргізушілер елге қалай оралады

Беларусь шекарашылары біздің азаматтарды «Жасыл дәліз» арқылы өткізеді, бірақ бұл оңай шаруа емес.

«Атамекен» ҰКП берген ақпарат бойынша Украинада жанжал өршіген шақта 55 қазақстандық жүргізуші қалып қойған. Олар елге азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар мен ауылшаруашылық техникасын әкеле жатқан екен. Он тоғыз адамға көмек көрсетілді. Сегіз жүргізуші Троебортное пункті арқылы Ресейге өткен. Тағы сегіз машина Молдоваға бара жатыр, оларды тізгіндеген төрт адам Қазақстанның, қалған төртеуі Түркия азаматтары. Қазір жүк көліктері Украина мен Молдова шекарасының арасында тұр. Үш машина жуырда ғана Польшаға бағыт алды. Польшаның инфрақұрылым және даму министрлігі олардың шекарадан визасыз, ПТР-тест және басқа да рұқсат құжатынсыз өтуіне ресми түрде рұқсат берді.

«Машинасын Украинада қалдырып, Ресейге өтуге мәжбүр болған жүргізушілер бар. Украинаға оралуға рұқсат берілген соң көлігін іздеп барғанда, олар машинаның тоналып, жүктің бүлінгенін көріпті. Жүргізушілер бір фураны әрең оталдырып, соның көмегімен қалған үшеуін шекарадан өткізген», — деді ҚР ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Әмрин. Оның айтуынша, ұлттық палата Украинада қалып қойған жүргізушілердің тізімін күнделікті жаңартып, мемлекеттік органдарға өткізіп жатыр.

Как казахстанских дальнобойщиков выведут из Украины

Жүргізушілердің көбі не көлігін қалдыра алмайды, не оны тізгіндеп шекарадан өте алмайды. Кей жерде соғыс жүріп жатқандықтан, қозғалу қауіпті, ал кей жерде байланыс желісі зақымдалған немесе қарулы топ күзететін блокбекет бар. Қазақстан көліктеріне РФ шекарасы арқылы елге жету біршама жеңіл болар еді, бірақ ол маңда шайқас жүріп жатыр.

2 наурызда берілген мәлімет бойынша 36 жүргізуші Украинада. Біразы топтасып жүр, алайда тас жолда жалғыз қалып қойғандар да бар. Біреуінің жанармайы таусылса, тағы бірінің ішерге асы қалмаған. Дегенмен, жергілікті тұрғындар арагідік жәрдемдесіп жатыр екен. Беларусь шекара қызметі қазақстандық жүк көліктері үшін «жасыл дәліз» ұйымдастыруға уәде берді. ҚР СІМ хабарлағандай, Украинадан Беларусь аумағына өтетін өткізу пунктілерінің тізімі:

  • Александровка — Вильча,
  • Новая Рудня — Выступовичи.

Шекарадан өту үшін біздің азаматтар Қазақстанның Беларусьтегі елшілігіне жүгінуі керек. Байланыс нөмірлері:

  • Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің кеңесшісі Бейсенов М. Ж.: +375 (17) 276-01-23, +375 (44) 788 38 77.
  • Минскідегі консул Князбаева А. Б.: +375 (17) 276-01-08, +375 (44) 740 10 78 (WhatsApp, Telegram, Viber).
  • Брестегі консул Шалбаев А. Е.: +375 (25) 511-11-11, +7 701 933 74 47 (WhatsApp, Telegram, Viber).

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП Украина аумағында қалғандардан call-орталыққа хабарласуды сұрайды.

Как казахстанских дальнобойщиков выведут из Украины

Жүгінген жүргізушілер мен көлік иелері автомобильдің тұрған жері, жүргізуші немесе басшылары туралы мәлімет беруі қажет, себебі Украинаға тікелей қоңырау шалу үнемі мүмкін бола бермейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button