SocialБасты

Қ. Тоқаев: Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында осыдан бір жыл бұрын басталған коронавирус пандемиясына қатысты пікір білдірді.

«Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік» деп жазды Президент.
Бірақ дерттің қатері әлі де сейілмегенін ескертті. Мемлекет басшысының айтуынша, вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button