Басты

Ауыратлетика Федерациясы спортшылардың шағымына жауап берді

Ауыр атлетика федерациясы ұлттық құрамадағы зілтеміршілердің  шағымына жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыған дейін қазақстандық зілтеміршілер жалақының төленбеуіне байланысты видеоүндеу жариялаған болатын.

«Біз, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері, жарты жыл бойы жалақымызды ала алмай жүрміз. Себебі, федерацияда белгісіз себептерге байланысты проблема туындап жатыр», – дейді Рио-2016 олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов және басқа спортшылар.

Ауыр атлетика федерациясы оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Ашығын айтқанда, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерінің бірнеше табыс көзі бар. Оның бірі – Ұлттық Олимпиада комитеті беретін жалақы. Ол тиісті уақытта, толық көлемде беріліп отыр. Ал федерация демеушілік ақшаның негізінде қосымша төлемдер болып саналатын төлемдерді ұсынады. Біз тиісті мерзімде төлемдер жүргізілмегені туралы ақпаратты растаймыз. Мәселе қосымша төлемдерге байланысты болып тұр», – дейді федерация өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button