2020 жылғы 24 желтоқсанда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті бейне конференц байланыс режимінде Комплаенс кеңесі шеңберінде екінші деңгейдегі банктермен жұмыс кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.
Кездесу барысында 2020 жылы кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Қаржы мониторингі комитеті мен екінші деңгейдегі банктер қолданатын шаралар тиімділігінің қорытындылары талқыланды.
Іс-шараға Комитеттің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және екінші деңгейдегі банктер қызметтерінің комплаенсінің өкілдері қатысты.
Қаржы мониторингі комитеті екінші деңгейдегі банктер үшін жіберілген тоқтатыла тұрған хабарламалар бойынша, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл және оларды анықтау бойынша екінші деңгейдегі банктердің күдікті операциялары бойынша қылмыстық істердің жарқын мысалдарын көрсете отырып, ұсынымдар ұсынды, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірлескен ұсынымдар мен жаңа тәсілдер әзірленді.