EconomyБасты

БҰҰДБ мен ҚР ҰЭМ ел экономикасын сауықтыру және ШОК қолдау шараларын талқылады

2 желтоқсанда Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдерімен және оның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш мырзамен онлайн режимдегі кездесуі өткізілді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы мен Якуп Бериш БҰҰ-ның 2015-2030 жылдарға арналған Орнықты даму мақсаттарын, БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарламасын іске асыруды, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдарын еңсеру мәселелерін талқылады.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарламаны іске асыру Қазақстанның БҰҰДБ-мен ынтымақтастығының маңызды бағыты болып табылады.

«Біз Қазақстан дамуының 4 басым бағыты бойынша іске асыру жоспарланып отырған осы бағдарламаны қолдаймыз: 1) әлеуметтік осалдық пен теңсіздік проблемаларын шешу; 2) мекемелердің тиімділігін арттыру және есептілігін күшейту; 3) әртараптандырылған экономикалық өсуге жәрдемдесу; 4) климаттың өзгеруіне және табиғи апаттарға қарсы күрес»,-деді Дәленов.

Руслан Дәленов БҰҰДБ-ға халықтың ең осал тобына, жастарға, ШОБ-қа, «Global Rapid Response Facility» қоры шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің қашықтықтан жұмыс істеудегі әлеуетін арттыруға жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.

«БҰҰДБ шаралары ел экономикасын сауықтыруға және шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға оң әсерін тигізеді деп есептейміз», – деді министр.

«БҰҰДБ Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігімен ұзақмерзімді ынтымақтастықты бағалайды. Біз елімізге құрылымдық қайта құруларды жеделдетуге, оның орнықты дамудың барлық аспектілері бойынша алдағы күйзелістерге тұрақтылығын арттыруға және COVID-19 пандемиясынан кейін барынша тиімді қалпына келтіруге қолдау көрсету үшін қол жеткізілген нәтижелерімізге және жолға қойылған әріптестік қатынастарымызға сүйенуді жалғастырамыз», – деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш.

Басқа жаңалықтар

Back to top button