SocialБасты

Қазақстандықтар белсенді түрде депозит аша бастаған

Елдің депозит нарығы оң динамиканы көрсетіп отыр. Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің көлемі өсіп келеді және 1 қарашадағы жағдай бойынша 21 937,5 млрд теңгені құрады, қазан айында 2,6%-ға, ал жыл басынан бері 15,3%-ға өсті, деп хабарлады Jana-kezen.kz Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

  • заңды тұлғалардың депозиттері қазан айында 4,1%-ға, 11 599,6 млрд теңгеге дейін
  • жеке тұлғалардың депозиттері – 1,1%-ға, 10 337,9 млрд теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 12 980,7 млрд теңгені құрап, қазан айында 2,8% -ға өсті (жыл басынан бері – 20,0%-ға өсті). Шетел валютасында көлемдер 2,5%-ға өсіп, 8 956,8 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері – 9,2%-ға өсті).

«Жеке тұлғалардың депозиттері көлемінің ұлғаюы Қазақстанның барлық өңірлері мен ірі қалаларында байқалды. Алайда, ең жоғары өсу Алматыда (25,0%-ға), Түркістан облысында (21,8%-ға) және Алматы облысында (15,9%-ға) байқалды. Ақтөбе облысында ең төменгі өсу байқалады (4,9%-ға). Халықтың депозиттік базасының жалпы сомасының ең жоғары көлемі республикалық маңызы бар қалаларда шоғырланған – Алматы (46,8%) және Нұр-Сұлтан (11,7%), ең азы – Түркістан (0,6%) және Қызылорда (1, 3%) облыстарында» – деп деректерді келтірді қаржылық реттеуші.

15 жастан асқан ересек тұрғынға депозиттің орташа сомасы тұрғысынан ең жоғары сома Алматы (орта есеппен бір адамға 4,0 млн теңге) және Нұр-Сұлтан (1,8 млн теңге) қалаларына келеді. Ересек тұрғынға депозиттің ең төменгі мөлшері Түркістан (57 мың теңге) және Алматы (185 мың теңге) облыстарына келеді. Жалпы алғанда, бұл статистика өңірлік бөлікте орташа айлық нақтылы жалақы бойынша көрсеткіштерімен расталады, өйткені бұл көрсеткіштің ең жоғары деңгейі Атырау (2020 жылғы ІІІ тоқсанда – 350,8 мың теңге), Маңғыстау (297,8 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Алматы (236,2 мың теңге) және Нұр-Сұлтан (289,8 мың теңге) қалаларында байқалады.

«Мерзімді депозиттердің көлемі 2020 жылғы қазанда 2,3 пайызға ұлғайып, 14 869,7 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 920,1 млрд теңгені, шетелдік валютада –  5949,5 млрд теңгені құрады.  Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған мөлшерлемесі 7% (2019 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,5% (2019 жылғы желтоқсанда – 9,0%) болды. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ белгілейтін 24 ай мерзіммен мерзімді емес және жинақ депозиттері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері 2020 жылғы қыркүйектегі деңгейде қалды. Бұл Ұлттық Банктің 2020 жылғы қазан айында базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде – 9% сақтау туралы шешім қабылдауына байланысты», – деп Агенттік қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button