Басты

Ақтөбеде көпқабатты үйдің қабырғасына Абай бейнеленген мурал салынды

Ақтөбе қаласындағы Абай даңғылында ақынның 45 қара сөзі жазылған тақта орнатылып, мурал салынды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Ақтөбе қаласы Абай даңғылы бойындағы көпқабатты үйдің қабырғасына ақынның суреті салынды.

Бұл суретші Төлеген Дарбаевтың туындысы. Қажетті құрал-жабдыққа жергілікті кәсіпкерлер қаржы бөлді.

«Абайдың бейнесін салу – үлкен жауапкершілік. Үйдің қабырғасында сурет 10 жыл бойы сыры кетпей тұратынына кепілдік беремін. Бұл суретке 40 маусымға шыдас беретін арнайы силикон бояу қолданылды», – дейді суретші. Төлеген Дарбаев бұған дейін «Батыр жыры» суретін, Әлия – Мәншүк бейнелерін үйлердің қабырғасына салды. Осылайша, ол қаланың көркін келтіруге үлес қосып жүр.

 

Айта кетейік, Абай даңғылында бұған дейін 45 қара сөз жазылған тақта орнатылып, шағын кітап қойылды. Кіші сәулет нысанында бір шумақ өлең жазылған. Бұл демеушілердің тартуы болды. Әрі даңғылдағы субұрқақ жөнделіп, іске қосылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button