Internews аудитория қатысатын медиажобаларға грант байқауын жариялайды
Internews MediaCAMP бағдарламасы аясында медиа мен ҮЕҰ-ның аудитория қатысатын жобаларына грант байқауын жариялайды.
Байқауға аудиториясын кеңейтуді, жаңа мақсатты топтарды тартуды, оқырмандарымен (тыңдармандарымен, көрермендерімен) өзара қарым-қатынас жасауды және қоғамның әлеуметтік мәселелерін бірлесіп шешуді мақсат тұтатын қазақстандық медиалар қатыса алады.
Байқау шарттары қандай?
Жоба әлеуметтік бағытта болуы, сондай-ақ медиа мен ҮЕҰ өзара әрекеттесуі (немесе бірнеше ұйымдармен кооперация) шарт.
Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде медианың белсенді аудиториясы ұлғаюын, БАҚ пен ҮЕҰ серіктестігі нығайып, жоба қатысушыларының өзара қатынасын жетілдіретін тиімді механизмдер әзірленуін күтеміз.
Жобаға қандай іс-шараларды және белсенділіктерді қосуға болады?
Бұған онлайн және офлайн-акциялар, материалдар сериясы, сауалнамалар, байқаулар, қоғамның түрлі топтарын қайырымдылыққа тарту жұмыстары, лекциялар, еріктілер іс-шарасын және тағы басқасы жатады.
Медиалар идеясын жүзеге асыруға, сондай-ақ, басталған жобасын қолдауға өтініш бере алады. Назар аударыңыз: өтініште серіктес ұйым көрсетілуі міндетті. Жобаны жүзеге асыруды бастағанға дейін серіктес ұйым табылатын болса, онда медиа не ҮЕҰ-нан жекелей өтініштер қабылданады.
Internews ұйымы 2019 жылы Қазақстанда медиа мен ҮЕҰ-ның аудиторияны тиімді қатыстыруға арналған бес жобасына қолдау көрсетті.
Солтүстік Қазақстанда Петропавловск.news сайты «Выжить на тыЩу» реалити-шоуын өткізді. Редакция қызметкерлері мен еріктілер реалити-шоу өтіп жатқан кезде облыстың үнемшіл тұрғындарынан құралған WhatsApp-то ашып, комьюнити-топ құрды. Чат мүшелері реалити-шоу қатысушыларының өмірі мен эксперименттері қалай өтіп жатқанын бақылап қана қоймай, өз лайфхактарын, кеңестерін және тәжірибелерін жазды.
Сонымен қатар редакция бірнеше офлайн-іс шара өткізді. Толығырақ мұнда жазылған.
2019 жылғы байқау жеңімпаздары туралы ақпаратты мына беттен табасыз. Аудиторияны қатыстыратын сәтті жобаларға мұнда бірнеше мысал бар.
Internews медиа мен ҮЕҰ бірлесіп жасайтын бес жобаға дейін қолдау көрсетеді. Әр грант сомасы 3000$-дан (1 140 000 теңге) аспайды.
Байқауға қатысу үшін 2020 жылдың 15 ақпаны, Алматы уақытымен сағат 24:00-ке дейін мына онлайн-өтінішті толтырыңыз.
Internews келіп түскен өтініштерді қарап, 2020 жылдың 21 ақпанынан кешіктірмей шешім қабылдайды.
Жоба аясында Internews 2020 жылдың қаңтар-ақпанында вебинарлар сериясын ұйымдастырады. Вебинарлардың негізгі тақырыбы: аудиторияны тиімді қатыстыру форматтары.
Аудитория қатысатын медиажобалар тақырыбындағы алғашқы вебинар осы қаңтар айының соңына жоспарланған. Вебинарды Мария Рзаева («Бумага», Санкт-Петербург, Ресей) өткізеді.