Министрдің айтуынша, әлемдегі жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Жалпы алғанда, бүгінде әлемде 208 млн жуық КВИ ауруы тіркелді, күніне 480 мыңнан астам жағдай тіркелуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
4,3 млн астам адам қайтыс болды. ДДСҰ-ның алты аймағының төртеуінде шілде айының екінші онкүндігінен сырқаттанушылықтың өсу тенденциясы байқалды.
Жаңа жағдайлардың ең үлкен пропорционалды өсуі Америка мен Тынық мұхитының батыс аймақтарында тіркелді. ДДСҰ-ға мүше мемлекеттердің 228 елінің 38-інде жаңа жағдайлардың өсімі 50%-дан асқан.
Өткен аптада аурудың ең көп өсуі Әзербайжанда байқалды, онда бір апта ішінде сырқаттану 121%, Израильде 63%, Жапонияда 21% өсті.
Қазақстанда апталық өсім 2%-ға төмендеді.