EducationБасты

Қарағандыда жас ғалымдар грант алады

Қарағанды техникалық университеті жас ғалымдар арасында ғылыми жобалар байқауын өткізеді. Үш жеңімпаз грант алады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтінімдер 1-19 қазан аралығында қабылданады. 20-30 қазан аралығында жобаларды байқау комиссиясы тыңдайды.

Байқауға 35 жасқа дейінгі ғалымдар қатыса алады.

Бірінші санаттағы грант 600 мың теңгені, екінші – 500 мың теңгені, үшінші – 400 мың теңгені құрайды.

Өтінімдер электронды және қағаз түрінде қабылданады (Қарағанды техникалық университетінің бас ғимараты, каб. 226).

Толық ақпаратты: (8-7212) 56-51-87 телефоны арқылы алуға болады, e-mail: science@kstu.kz.

Басқа жаңалықтар

Back to top button