SocialБасты

Тоқаев: Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуді тапсырды.

«Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек. Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Басқа жаңалықтар

Back to top button