SocialБасты

ҚР ИИДМ Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 млн. медициналық бетперде жіберді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 млн. теңгеге жуық, атап айтқанда «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» ӨЖЖ аппараттарының құны 328 млн. теңге, «Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық бетперделер құны – 61 млн. теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button