AgroБасты

ҚР АШМ-нің баспасөз қызметі ведомство ақпаратына жылдам қол жеткізу үшін QR-код енгізді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі смартфон қолданушылар ведомствоның барлық ақпараттық ресурстарына жылдам қол жеткізулері үшін QR-код енгізді. Министрліктің ресми сайтына, Facebook және Instagram парақшаларына, Telegram және YouTube арналарына QR-код арқылы кіруге болады.

Осы инновацияның арқасында АӨК саласындағы жаңалықтарға, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құжаттары мен хабарламаларына бір қадам жасап-ақ қол жеткізуге мүмкіндік бар. Ол үшін тек смартфонның камерасымен QR-кодты сканерлеу керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button