TechБасты

Полицияның “Участок” іс-шарасы жаңа форматқа көшті

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруін ескере отырып, “Участок” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлайды Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап Jana-kezen.kz

Бірақ, бұл, учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік аймақтарын тексермейді дегенді білдірмейді. Тексеру және орнату іс-әрекеттерінің көпшілігін олар жаңа ақпараттық технологияларды белсенді қолдану арқылы жүзеге асыратын болады. Ең алдымен, біз олардың “Facebook” әлеуметтік желісіндегі ресми қызмет парақшалары, танымал мессенджерлердегі жалпы чаттары, КСК және ОСИ төрағаларымен онлайн-байланыс формалары туралы әңгімелестік. Инспектор көрсетілген ресурстар арқылы өзекті ақпарат пен қажетті мәліметті ала алады. Дәл сол сияқты полиция қызметкерлері қала тұрғындарының кез-келген заңға қайшы әрекеттері туралы сигналдарына ден қояды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Анықтама үшін: учаскелік инспекторлар іс-шара басталғаннан бері 303 мың 203 тұрғын үйге, 240 мың 738 пәтерге және 62 мың 465 жеке үйге айналып кіріп шықты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button