SocialБасты

Халық үшін көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажет – Премьер-Министр

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин көмір бағасының ерекше бақылауға алынуы қажеттігін айтты.

Премьер-Министр тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегін төмендету және энергия өндіруші ұйымдардың отын жеткізушілер алдындағы берешегін өтеу бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Индустрия министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, халыққа қажетті көмірді, ЖЭО мен қазандықтарға отынды алдын ала қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ ел тұрғындарына көмірді сату мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әкімдіктермен бірлесіп, көмір бағасын ерекше бақылауға алып, отынның, әсіресе, халық үшін көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауы қажет», — деді А. Мамин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button