EconomyБасты

Павлодар облысының экономикасын ауыл шаруашылығы арқылы әртараптандыру көзделіп отыр

Жалпы өңірлік өнімнің 8,8%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі. Жергілікті билік осыған дейін тек индустриялық өңір ретінде танымал болған Павлодар облысы үшін бұл өте жақсы көрсеткіш деп бағалап отыр. Олардың пайымдауынша, ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы – облыс экономикасын әртараптандырудың жаңа мүмкіндігі, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

– Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың үш негізгі бағытын айқындадық. Олар: суармалы егіншілікті дамыту, сүт және ет өндіру. Биыл суармалы жерлер аумағы 120 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Осы жылы 7 сүт-тауар фермасы, ал алдағы үш жыл ішінде тағы 15-і іске қосылады. Ет өндірісіне келетін болсақ, оның көлемін жыл сайын 10 пайызға арттыруды көздеп отырмыз,-деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 26 қарашада ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Павлодар облысындағы құс фабрикасы күркетауық етінің алғашқы партиясын шығарады. Бұл Қазақстандағы осындай екінші өндіріс. Әкімнің айтуынша, негізгі азық-түлік тауарлары тізіміндегі 29 өнімнің 23-імен облыс өзін-өзі қамтамасыз етуге қауқарлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button