Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жобалық кеңсесі министрлік қызметіне жобалық әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша қызметкерлер арасында жаппай оқыту ұйымдастырды.
Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамытудың басты мақсаты – Қазақстан Республикасында жобалық менеджментті енгізу және дамыту арқылы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
Жиын барысында министрлік қызметкерлеріне жобалық менеджмент негіздері түсіндіріліп, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жобалық басқаруды енгізу реттілігі таныстырылды. Өз кезегінде шараға қатысушылар сұрақтарын жолдап, жобалық басқаруды енгізу бойынша орын алған проблемалық тұстарын талқылады.
Сөз кезегінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы Жанар Тайжанова, Ұлттық экономика министрлігі жобалық басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопф, жобалық менеджерлер одағы қауымдастығының вице-президенті, Ұлттық жобалық кеңсенің консультанты Арман Евниев ақпарат берді.