PoliticsБасты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды;

Олжас Төлегенұлы Қизатов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button