Басты
Шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына өзгертулер енгізілді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына сәйкес Қазақстанның туроператорларына Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы хабарлайды.
Осылайша, шетелден Қазақстанға авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары былайша өзгертілді:
- Шетелден Қазақстанға авиарейстермен келген барлық адамдар (5 жасқа дейінгі балаларды, оларды алып жүретін адамдарда анықтама болған кезде; ҚР үкіметтік делегацияларын; ҚР СІМ шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; әуе компаниялардың экипаждарын қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 3 тәуліктен ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынады.
- Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады.
- Дене қызуы норманың шегінде келген, анықтаманы ұсынған адамдарға тиісті қолхат ала отырып, covid-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі, олар белгіленген жері бойынша жүруді жалғастырады.
- Дене қызуы жоғары келген адамдар анықтаманың болуына қарамастан инфекциялық стационарда оқшаулануға жатады.
- ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған кезде ПТР әдісімен covid-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады. Covid-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға тиісті қолхат ала отырып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.
Осы қаулы 2020 жылғы 27 қазан сағат 00-де күшіне енеді.
Қазақстанның туристік компаниялары өз қызметі барысында басшылыққа алуы және күтпеген жағдайларды болдырмау үшін сырттан келетін туристерге қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды ескеруі қажет.