FinanceБасты

Доллар бағамы қайтадан көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы көтерілді.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 15 сәуірмен салыстырғанда 0,25 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы – 430,68 теңге болды.

Ұлттық банктің 16 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар – 430,26 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 431,48 теңгеден сатылса, сатып алу – 429,90 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 430,56 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 429,41 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button