Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қызметкерлер үшін коронавирусқа қарсы ұжымдық вакцинация басталды.
Бірінші күні 100-ге жуық адамға екпе салды. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабе ұлы алды.
Университет қызметкерлерге медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына баруға уақыт жоғалтпау үшін қажетті жағдайлар жасады. Оқу ғимаратында үш блоктан тұратын арнайы бөлме жабдықталып, онда әркім жұмыс арасында вакцина ала алады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Студенттік емхананың жалпы практика дәрігері Алина Есмағамбетованың айтуынша, қызметкерлерді ресейлік «Спутник V» екпесімен вакциналау екі кезеңнен тұрады. Бірінші салдырған адам арада 21 күн өткен соң екіншісін алады.
«Бірінші кезеңнен кейін үш күн ішінде адамның денесінде әлсіздік, температура, қалтырау, ұйқышылдық немесе ауырсынулар болуы мүмкін. Бұл дененің қалыпты реакциясы. Оған алаңдаудың қажеті жоқ. Содан кейін үш күн бойы екпе салған жерге су тигізуге болмайды: монша, суанаға рұқсат жоқ және екпе салдырған адамдар үш күн дәрігерлердің бақылауында болады. ЖОО қызметкерлерінен басқа, елордада тұратын студенттер де жоспарлы вакцинациядан өтуде»,-дейді медицина қызметкері.