Волонтер жылының жүзеге асуы туралы кеңес өтті
24 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б.Тлеповтың төрағалығымен онлайн-форматта Волонтер жылының жүзеге асуы туралы кеңес өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Шараға ішкі саясат басқармаларының басшылары, волонтерлердің республикалық және өңірлік фронт-кеңселерінің жетекшілері қатысты.
Б.Тлепов Волонтер жылын ақпараттық қамтамасыз ету жұмысы белсенді қарқын алып, республикалық фронт-кеңсе мен өңірлік фронт-кеңселер арасындағы іс-қимыл жақсара түскенін бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстардың жағымды тұсы екендігін айтты. Сонымен бірге волонтерлық қозғалыстардың мемлекеттік құрылымдармен әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі мен волонтерлерге қосымша көтермеулердің жоқтығына назар аударды.
Жалпы елдегі волонтерлық қозғалыстың жұмысы туралы Ұлттық волонтерлер желісінің төрағасы В.Ким баяндады. Әрі қарай бірқатар облыстары фронт-кеңселерінің есептері тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша қалыптасқан мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар нақты ұсынымдар берілді.