EducationБасты

Қазақстандық оқушылар XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 90 медаль жеңіп алды

2021 жылғы 8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндерінен XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиадаға Австралия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінен 146 команда құрамында мыңнан астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 90 медаль жеңіп алды: 13-і алтын, 37-сі күміс және 40 қола медаль.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша 500 қатысушы жүлдегер атанды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button