SocialБасты

«Қыран-2023» республикалық турнирінің жүлдегерлері белгілі болды

Қараша айының 7-10 аралығы күндері Алматы қаласында өткен ұлттық спорт түрі құсбегіліктен «Қыран-2023» республикалық турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы Құсбегілік федерациясы ресми сайтында мәлімдеді.

Турнир қорытындысы келесідей:

Бүркіт құсы бойынша:
1 – орын Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы), Жанқияр құсымен
2 – орын Байқадамов Ерзат(Абай облысы) Заңғар құсымен
3 – орын Адилов Әсет(Алматы қаласы) Нарын құсымен
4 – орын Жамбыл Досымжан (Алматы қаласы) Ақиық құсымен
5 – орын Бүркітбай Жасұлан (Жетісу облысы) Айқабақ құсымен

Ителгі құсы бойынша:
1- орын Оспанқұлов Таңат (Қарағанды облысы) Бозторғай құсымен
2 – орын Оспанқұлов Таңат (Қарағанды облысы) Бұлбұл құсымен
3 – орын Аршабай Дәурен (Түркістан облысы) Қаракөз құсымен

Қаршыға құсы бойынша:
1 – орын Исабеков Асқар(Алматы облысы), Жебе құсымен
2 – орын Сейітжан Бексұлтан (Алматы облысы) Көкжендет құсымен
3 – орын Бекмұхамбет Айдар (Алматы облысы) Тұмар құсымен

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласының ипподромында өткен «Қыран-2023» республикалық турниріне еліміздің түкпір-түкпірінен 100 ге жуық спортшы қатысқан еді.

Айта кетерлігі, «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ, сонымен бірге ҚР Спорт және туризм министрлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы, Ат спорты түрлері орталығы және Алматы қаласының әкімдігі. 

    

Басқа жаңалықтар

Back to top button