Басты

«Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты көрме өтті

10 тамыз – Абай күніне байланысты  «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты Алматы облысының кәсіпқой суретшілерінің туындыларынан жинақталған көрмеге онлайн экскурсия жүргізілді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмеге облыстың 50 кәсіпқой суретшілердің 100-ден аса туындылары қойылды.

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы әлем мәдениеті  тарихында теңдесі жоқ мұра, ал оның шығармашылығын қылқалам тілімен сөйлету тек кәсіпқой суретшілердің қолынан келетіні анық.

Қылқалам шеберлері ұлы Абайдың портретін бейнелеп қана қоймай, «Қансонарда», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» сынды бірнеше тақырыптағы шығармаларында кенеп бетіне әр түрлі техникада түсірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button