FinanceБасты

Атырау мұнай өңдеу зауыты ел бюджетіне 38,5 млрд теңге аударған

Атырау мұнай өңдеу зауытынан ел бюджетіне 38 млрд 467 млн теңге аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделген мұнай көлемінің ұлғаюымен ел бюджетіне аударылған салық түсімі де артып отыр.

Зауыт баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр атыраулық мұнай өңдеушілер ел бюджетіне 38 млрд 467 млн теңге аударды. Мұның ішінде 7 млрд 385 млн теңге республикалық бюджетке түсті. Ал, облыстық бюджет 29 млрд 369 млн теңгемен толықты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button