Басты

Елордада әзірге қоғамдық көлік жүрмейді – Нұр-Сұлтан әкімдігі

Елордадағы қоғамдық көліктің жұмысы әзірге жанданбайтын болды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатаң карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты, елордадағы қоғамдық көлік жұмысы әзірге жанданбайды. Бағыттар туралы жолға шығар алдында қосымша хабарлаймыз», – деп хабарлады әкімдіктен .

Еске сала кетсек, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық көліктің не үшін тоқтатылғанын түсіндірген болатын.

«Штабта инфекция таралымын азайтып, жұқтыру тізбегін үзу туралы шешім қабылданды. Тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық көлік – ауру жұқтыру қаупі бар негізгі орын. Төтенше жағдай режиміне дейін елордада күніне 750 мың адам қоғамдық көлікті пайдаланатын. Бұл – ауқымды көрсеткіш. Қоғамдық көлікті тоқтатқанда инфекция таралымының айтарлықтай азайғанын байқадық. Сондықтан, карантин кезінде де адамдардың денсаулығына қатер төнбеуі үшін қоғамдық көлік тоқтатылды», – деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Басқа жаңалықтар

Back to top button