EducationБасты

Назарбаев мектебінде білім алуға грант: Құжат 26 ақпанға дейін қабылданады

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялады. Құжаттар 26 ақпанға дейін қабылданады, деп хабарлайды Elorda.info мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешенді тестілеу 14-15 сәуір күндері Зияткерлік мектептер базасында өтеді. Тестілеудің бірінші күні оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер (математика, сандық сипаттама, жаратылыстану) бойынша тест тапсырады. Ал екінші күні тілдік тестілеуден (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) өтеді.

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына құжат тапсыру үшін арнайы онлайн броньдау қызметі жұмыс істейді. Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа ақпаратты веб-сайттағы «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button